Қазақстандық гимнаст Әлем кубогі кезеңінде қола жүлдегер атанды

фото: olympic.kz

Зейнолла Ыдырысов Бакуде өтіп жатқан Әлем кубогі кезеңінде қола жүлдеге ие болды.

Бұл туралы Olympic.kz хабарлайды.

Қазақстандық гимнаст Зейнолла Ыдырысов Бакуде өтіп жатқан Әлем кубогінің кезеңінде қола жүлдегер атанды.

Ол ат снарядындағы жаттығулар финалында сәтті өнер көрсетіп, төрешілердің шешімі бойынша 14,400 ұпай жинады.

Жеңісті америкалық Брэндон Дэнг (14,633) иеленді. Екінші орынды Патрик Хупс (АҚШ) – 14,533 ұпаймен алды.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасының еншісінде қазір үш медаль бар. Бұған дейін Милад Карими (еркін жаттығу) мен Дмитрий Патанин (қоссырықтағы жаттығу) күміс жүлдеге қол жеткізген еді.