Жәмилә Бақбергенова Азия чемпионатының төрт дүркін жеңімпазы атанды
Әйелдер күресінен Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Жәмилә Бакбергенова 72 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде чемпион атанды, деп хабарлайды olympic.kz.
Қазақстандық финалдалық бәсекеде Қытай спортшысы Юци Люден 4:1 есебімен басым түсті.
Осылайша ол Азия чемпионатында төртінші рет жеңіс тұғырының биігіне көтерілді.
Айта кетейік, Қазақстан әйелдер құрамасы бұл чемпионатты екі жүлдемен аяқтады. Бұған дейін Зейнеп Баянова қола медаль иеленген болатын.
Еркін күрестен жарыстар 29 наурызда басталады.