Астанада футзалдан Бекзат Саттарханов кубогы басталды

Астанада футзалдан Бекзат Саттарханов кубогы басталды, деп хабарлайды 24KZ. Доп додасы екі күнге созылады.

«AMANAT» партиясының қолдауымен ұйымдастырылған спорт бәйгесі жұмысшы мамандықтар өкілдерінен құралған 16 команда арасында өтеді. Бастауыш партия ұйымдарына мүше құрылысшылар, механиктер, медицина қызметкерлері, жүргізушілер және тазалық саласының өкілдері сынды түрлі мамандық иелері қатысады. Шараның ашылу салтанатында саяси ұйымның атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек балалардың спорт үйірмелеріне тегін қатысуы, ауылдарда модульдік спорт құрылыстары сияқты мүмкіндіктер алдағы уақытта да іске аса беретінін жеткізді.