Алматыда Амангелді Сейітханов атындағы турнир өтеді
«Жеңісті күндерде жүздескенше!». Дәл осындай атаумен футболдан белгілі спорт комментаторы Амангелді Сейітхановты еске алу турнирі өтеді.
Республикалық жарыс төртінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отыр және биыл өзіндік ерекшеліктері бар. Доп додасы «Хабар» агенттігінің 30 жылдығы аясында болады. Демеушілер ауыз толтырып айтарлықтай жүлде қорын тағайындады. Жарысқа жасы 30-дан асқан БАҚ өкілдері ғана қатысады. Турнирдің өзі 10 мамыр күні Алматыдағы Қазақ Ұлттық университетінің жасыл алаңында өтеді. Оған елдің түкпір-түкпірінен 16 команда қатысады. Айта кетейік, еңбек жолының 20 жылдан астамын «Хабар» агенттігінде өткізген Амангелді Мәулітханұлының жалпы қазақ спорт журналистикасының дамуына қосқан үлесі зор.
Жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты
Үш боксшымыз жартылай финалда. Иорадания астанасы Амман қаласында жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты жалғасып жатыр. Айта кету керек, бұл жаңадан құрылған World Boxing ұйымының 15 және 17 жастағы өрендерге арналған алғашқы құрлықтық жарысы. Байрақты бәсекеге 18 елден 400-ден аса қатысушы жиналды. Оның ішінде қазақстандық қыз-жігіттер де бар. Жарыстың кезекті күні ширек финалдық кездесулер өтті. Нәтижесінде 37 келідегі Біржан Жақып, 40 келідегі Қуаныш Халимбет және 49 келідегі Шыңғыс Ахметов қарсыластарын айқын басымдықпен ұтып, жартылай финалға жолдама алды. Яғни қоржымызды кемі үш медаль бар деген сөз. Ал, енді ол алтын ба, күміс пе не қола ма, алдағы күндері білеміз. Бұған қоса, үш жерлесіміз, атап айтқанда, Дәулет Теңелбай, Аслан Қайранбай және Жігер Жұман қарсыластарына есе жіберіп, жарыс жолынан шығып қалды. Қалған спортшыларымыз бүгін жұдырықатасады. Амман қаласындағы жарыстың жалпы қорытындысы 30 сәуірде белгілі болады.
Бокстан жастар ойындары басталды
Ал еліміздегі жас боксшылар Қызылордада бас қосып, өзара мықтыны анықтап жатыр. Сыр елінде бокстан жастар ойындары бастады. Бұл төрт жылда бір ұйымадстырылатын кешенді жарыс. Биыл алтыншы мәрте өткізліп отыр және Қызылорда қаласы бокс бойынша бәсекені қабылдады. Жастар арасындағы жарысқа қызығушылық өте жоғары. Еліміздің түкпір-түкпірінен 300-ден аса қатысушы жиналды. 16-17 жастағы өрендер енді бірнеше салмақ дәрежесінде сынға түседі. Ұлдар және қыздар арасында жеңімпаздар анықталады. Жарыстың басы-қасында олимпиада чемпионы Бақтияр Артаев, олимпиада жүлдегері Мұхтархан Ділдәбеков, әлем чемпионы Біржан Жақыпов сияқты айтулы спортшылар жүргенін байқадық және олар өсекелең толқынға үлкен мотивайия берері анық. Қызылордадағы бокс бәсекесінің жалпы қорытындысы 27 сәуірде белгілі болады
Күзде бокстан қос әлем чемпионаты өтеді
Күзде бокстан қос әлем чемпионаты өтеді. Умар Кремлев басқаратын Халықаралық бокс қауымдастығы дүниежүзілік дода болатын уақытты жариялады. Бастапқыда бұл жарыс мамырдың соңында Түркияда ұйымдастырылуы керек еді. Бірақ, аталмыш ұйым Халықаралық олимпиада комитеті тарапынан лицензиясынан айырылып, беделіне кәдімгідей нұқсан келген еді. Яғни 2028 жылғы олимпиадаға бұрынғыдай Халықаралық бокс қауымдастығы емес, жаңадан құрылған World Boxing жауапты болды. Салдарынан мамырдағы жарыс кейінге қалдырылды. Енді жаңа мерзім жарияланып отыр. Яғни қалыптасқан жағдайға қарамастан әлем чемпионаты өтеді. Оны қараша айында ұйымадстырмақ. Ал қабылдайдын жер әзірге белгісіз. Айта кетейік, Халықаралық бокс қауымдастығының әлем чемпионаты соңғы рет 2023 жылы Ташкентте өтті. Байрақты бәсекеге қазақ жігіттері 4 бірдей латын жеңіп алып, тарихи нәтиже тіркеген болатын. Тағы бір айта кетерлігі, World Boxing ұйымы да биыл алғашқы әлем чемпионатын өткізеді. Оны қыркүйек айында Ливерпуль қаласы қабылдайды.