Жібек Құламбаева Германиядағы турнирдің жұптық сынында жартылай финалға өтті

prosports.kz

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева латвиялық Дарья Семинстамен жұптасып, Германияның Висбаден қаласында өтіп жатқан ITF W100 турнирінің жартылай финалына шықты.

Бұл туралы Prosports.kz хабарлады. 

Құламбаева мен Семинста 1/8 финалда ұлыбританиялық Джоджи Беррейдж — Эден Силва жұбын жеңді. Матч 7:6, 6:7, 10:8 есебімен аяқталған. 

Ширек финалда Жібек пен Дарья норвегиялық Ульрикке Эйкери мен жапониялық Эри Ходзуми дуэтінен басым түсті.