Функционалды көпсайыстан ел чемпионатының жеңімпаздары марапатталды
Астанада ((ASTANA OPEN Cup)) Астана Оупэн Кап функционалды көпсайыстан ел біріншілігінің жеңімпаздары марапатталды.
Байрақты бәсеке, Отан қорғаушы күніне орайластырылды. Ақтық сынға әр түрлі жас шамасында атлеттер онлайн іріктеу арқылы жолдама алды. Тек 60 спортшы ғана сыннан сүрінбей өтті. Олар топтық, әуесқойлар, жасөспірімдер және кәсіпқой спортшылар сынды 7 санат бойынша өзара мықтыны анықтады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, чемпионат халықаралық ауқым алған. Бұл жолы оған Ресей, Өзбекстан және Қырғызстаннан спортшылар қатысты. Жүлде қоры 7 млн теңге. Айта кетейік, Қазақстан құрамасының спортшылары үшін елордадағы турнир алдағы Азия чемпионатына дайындық сынағы болды. Біріншілік осы жазда Сауд Арабиясында өтеді.
Николай Мещеряков, Қазақстан функционалдық көпсайыс федерациясының президенті:
- Уақыт өте келе функционалдық көпсайыс олимпиадалық спорт түріне енеді деп сенеміз. Ол үшін бар күшімізді саламыз. Бүгін тартылу, штанга көтеру, жүгіру сынды сайыстар болды. Ал таңғы 6-да жүзуден тартысты бәсеке өтті. Федерацияның қолға алған жұмыстардың нәтижесінде спортшылардың да қатары толығып, қызығушылығы артты.