Футболдан Қазақстан премьер-лигасы 11-тур ойындары басталды
11 қазақ баласы ойнайтын «Қайсар» клубы кезекті рет жеңіске жетті, деп хабарлайды 24kz.
Биылғы маусымда легионерлермен қош айтысып, тек қазақ балаларын алаңға шығарып жүрген қызылордалық клуб Қазақстан Премьер лигасының 11-тур аясында сырт алаңда «Атырау» командасымен кездесті. Матч 1:2 есебімен аяқталды. «Қайсар» сапынан Айбар Жақсылықов пен Айбол Әбікен мергендігімен көзге түсті. Соның арқасында Виктор Кумыков баптайтын жігіттер турнир тізіміндегі 14 команда арасында 10-шы сатыға көтерілді. Бұдан бөлек, кезекті турда «Тобыл» «Тұранды» 2:1 есебмен, «Жетісу» «Ақтөбені» 2:1 есебімен, «Астана» «Жеңісті» 4:2 есебімен, «Ордабасы» «Ұлытауды» 1:0 есебімен, «Оқжетпес» қайратты 2:1 есебімен жеңді. Ал, «Қызылжар» мен «Елімай» матчы 1:1 есебмен тең аяқталды.