Күрес түрлерінен Қазақстан кубогы: ұлттық құраманың көшбасшылары анықталып жатыр
Шалыгина мен Сыздықова кезекті рет өз мықтылығын дәлелдеді. Астанада күрес түрлерінен Қазақстан кубогы жалғасып жатыр, деп хабарлайды 24kz.
Әйелдер күресі бойынша бәсекелер өтіп, нәтижесінде жалпы есепте Қарағанды облысы топ бастады. Үздік үштікке Алматы қаласы және Ақмола облысының спортшылары кірді. Егер жеке-жеке тоқталар болсақ, 50 келіде астаналық Светлана Анкичева, 53 келіде қарағандылық Ирина Жәнібеков, 55 келіде тағы бір қарағандылық Зульфия Яхьярова, 57 келіде қостанайлық Лаура Альмағанбетова, 59 келіде ақмолалық Виктория Хусаинова, ал, 62 келде алматылық Тыныс Дубек жеңіске жетті. 65 келіде ұлттық құрама өкілі тәжірибелі Елена Шалыгина барлық қарсыласын ұтып, өз мықтылығын кезекті рет дәлелдеді. Дәл осылай 76 келіде тағы бір бұрыннан келе жатқан Эльмира Сыздықова топ жарды. Енді бүгін грек-рим күресі бойынша бәсекелер болады. Астанадағы Қазақстан кубогы нәтижесінде алдағы халықаралық жарыстарда ел намысны қоғайтын ұлттық құрама жасақталады.