Жәнібек пен Карлостың келісіміне уақыт берілді
Жәнібек Әлімханұлы мен Карлос Адамес ортақ келісімге келіп, жақын күндері жауабын айтуы қажет, деп хабарлайды 24kz.
Бүкіләлемдік бокс кеңесі орта салмақтағы қос мықтының кездесуіне қатысты осындай мәлімдеме жасады. Ұйым басшысы Маурисио Сулейман белдіктерді біріктіретін жекпе-жек кешін ұйымдастыруға мүдделі екенін жеткізді. Осы мақсатта Карлос Адаместің белдігін қорғауға қатысты кездесуді кейінге шегеруге де дайын.
Айта кетейік, доминикандық Карлос Адамес бүгінде дейін 26 кездесу өткізіп, 24-інде жеңіске жетті. 1-еуінде тең түсті. Соның арқасында WBC чемпиондық белдігін жеңіп алды. Ал, Жәнібектің көрсеткіші 17 жекпе-жек, 17 жеңіс. Қазақстандық кәсіпқой боксшы WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы.