Қол күресінен ашық чемпионат басталды. LIVE
Семейде Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай спорттық және мәдени шаралар кеңінен ұйымдастырылып жатыр.
Бүгін Семейде қол күрестен ашық қалалық чемпионат басталды. Оған республиканың әр өңірінен кіл мықтылар келген. Күш пен айла-тәсіл қатар жүретін жарыс қалай өтіп жатыр?
Рүстем Қайратұлы, тілші:
- Спортсүйер қауым үшін дәстүрге айналған бұл жарыс биыл «Бейбітшілік» аралындағы этноауылда өтіп жатыр. Турнирдің ресми ашылу салтанаты таңғы 09:00-де басталды. Турнирге еліміздің түкпір-түкпірінен келген 70-тен астам спортшы қатысуда. Жарыс ерлер мен әйелдер арасында екі түрлі салмақ дәрежесі бойынша өткізіледі. Кестеге сәйкес, тартысты белдесулер кешкі 17:30-ға дейін жалғасады деп күтілуде. Қазір ұйымдастырушылардың бірі осында. Cпортшылардың дайындығы қалай екен?