Семейде «Абай жолы» республикалық ультрамарафоны басталды. LIVE

Облыс орталығынан шыққан желаяқтар 180 шақырымды еңсеріп, Қарауылтөбеге жетуі тиіс, деп хабарлайды 24kz.

Бұл марафон елдегі ең ауқымды әрі ұзақ қашықтыққа жоспарланған жүгіру бәсекесі. Жарысқа өңірлерден  және жақын шетелдерден әуесқой споршылар қатысуда. Жарыстың негізгі шарттары қандай?

Рүстем Қайратұлы, тілші:

- Республикалық ультрамарафонға қатысушылар Абай атындағы халықаралық әуежай маңынан жүгіруді бастайды. Отыздан астам желаяқ 180 шақырым жерден өтіп, Қарауылтөбеге дейін баруы керек. Мұндай қашықтықты еңсеру оңай емес, әрине. Орта жолдан шығып қалатындар да болуы мүмкін. Жалпы көбі әуесқой спортшы. Оларға қолайлы жағдай жасау үшін жолда тамақтанатын 17 бекет орнатылды. Алайда, ұйықтап, тынығуға болмайды.

180 шақырымды жүгіріп өтіп, бірінші келген адамға автокөлік  табысталады. Мәреге жеткен алғашқы 10 спортшыға 100 мыңнан 2 млн-ға дейін қаржылай сыйлық беріледі. Қарауылтөбеге жеткен соң желаяқтар тынығып алуы үшін арнайы жағдай да жасалған.