Таеквондодан халықаралық турнир: Қазақстан құрамасы 38 медаль еншіледі. LIVE
Қазақстан ересектер құрамасы командалық есепте көш бастады, деп хабарлайды 24kz.
Астанада таеквондодан халықаралық рейтингтік турнирдің алғашқы жарыс күні 22 елдің спортшысы сынға түсіп, 16 салмақ дәрежесінің жүлделерін сарапқа салды. Нәтижесінде Қазақстан құрамасы 38 медаль еншілеп, командалық есепте бірінші орынға жайғасты. Тунис екінші, Түркия құрамасы үздік үштікті түйіндеді. Ал, бүгін жарыс жолына жастар шығады. Олардың аяқ алысы қалай?