Көкпардан жасөспірімдер чемпионатының жартылай финалистері анықталды
Талғар қаласында көкпардан жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионаты жалғасып жатыр, деп хабарлайды 24kz.
Бүгінге дейін топтық кезең кездесулері өтті. Нәтижесінде Түркістан, Жамбыл, Алматы және Орал командалары өз тобының үздігі атанып, жартылай финалға жолдама алды.
Айта кету керек, барлығы да қарсыластарын айқын басымдықпен ұтты. Яғни, сенімді түрде жартылай финалға шығып отыр. Жеребе тарту нәтижесінде енді Алматы қаласы Жамбыл облысымен кездесіп, финалдың жолдамасын сарапқа салады. Оған паралель Түркістан және Батыс Қазақстан облысының командалары өзара мықтыны анықтайды. Бұл жақта да жеңіске жеткен тарап финалға шығады. Жасөспірімдер арасындағы жарыстың жалпы қорытындысы 23 тамызда белгілі болады.