Қазақстандық жас футболшылар «Аtlético de Мadrid» ойыншыларымен кездеседі. Live

Алматының Хан-Тәңірі стадионында дәстүрлі All Star матчы өтеді.  

QJ League құрамасы Испанияның «Атлетико Мадрид» академиясының жас ойыншыларымен жасыл алаңға шығады. Мұндай деңгейдегі матчтар жас спортшыларға тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді.

Аталмыш матчқа дейін жасөспірімдер қалада 1 апта бойы жаттыққан екен. Бұл әр клубтан жиналған футболшылардың өзара үйлесімді ойын көрсетуіне мүмкіндік берді. Бұл QJ League тарихындағы 2-ші халықаралық ойыны. Былтыр жергілікті команда сербиялық футболшыларды 2:0 есебімен жеңген болатын. Ал биылғы қарсылас - әлемдік футболдағы беделді клубтың жасөспірімдер құрамасы. Қазір стадионда жанкүйер көп, барлығы жастардың ойынын тамашалауға жиналды.