«Қайраттың» Чемпиондар лигасындағы қарсыластары анықталды

Елге атақты футбол командасы «Реал Мадрид» келеді.  

Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде алматылықтар өз алаңында «Реал Мадридтен» бөлек «Брюгге» «Олимпиакос» және «Пафос» клубтарымен ойнайды. Сырт алаңда «Қайрат» «Интер», «Арсенал», «Копенгаген» және «Спортингпен» кездеседі. Жалпы кезеңде әр команда 8 матч өткізеді. Алматылық «Қайраттың» қарсыластарын Златан Ибрагимович, Рикардо Кака және суперкомпьютер анықтады. Биыл қыркүйекте басталатын жалпы кезең келер жылдың қаңтарына дейін жалғасады. Плей-офф кезеңі 2026 жылдың ақпанынан мамырға дейін созылады. Финалдық матч 30 мамырда Будапешт қаласында өтеді.