«Барыс» ҚХЛ маусымындағы алғашқы ойынды жеңіспен бастады
Астанада жергілікті «Барыс» Гагарин кубогының финалисі – Челябідің «Тракторын» қабылдады.
Кездесу тартысты өтті. Қос тарап үш кезеңде де бір-бір реттен нәтижелі әрекет жасап отырды. Нәтижесінде негізгі уақыт тең аяқталды. Овертаймның алғашқы минутында Уолш шешуші шайбаны соғып, «Барысқа» жеңіс сыйлады.
Ойынның қорытынды есебі – 4:3 ОТ (1:1, 1:1, 1:1, 1:0). «Барыс» сапынан Шаймедденов, Савицкий және Томпсон көзге түсті.
Ақпарат көзі: Prosports.kz