Қазақстандықтар үстел теннисінен China Smash 2025 турнирінде бақ сынайды
25 қыркүйекте Қытайдың Бейжің қаласында үстел теннисінен China Smash 2025 халықаралық турнирі басталады.
Бұл туралы ҚР Ұлттық олимпиада комитеті хабарлайды.
Жарысқа әлемдік үстел теннисінің жұлдыздары қатысады: Ван Чуцинь (Қытай, халықаралық рейтингте №1), Линь Шидун (Қытай, №2), Уго Кальдерано (Бразилия, №3), Томокази Харимото (Жапония, №4), Трулс Морегард (Швеция, №5), Лян Цзинкунь (Қытай, №6), Феликс Лебрун (Франция, №7), Бенедикт Дуда (Германия, №8), Сян Пэн (Қытай, №9), Дарко Йоргич (Словения, №10) және басқа да спортшылар.
Қазақстандық спортшылар Кирилл Герасименко мен Зәуреш Ақашева турнирдің іріктеу кезеңінде өнер көрсетеді. Олардың қарсыластары ирандық Амирреза Аббаси мен қытайлық Яо Жуйсюань болмақ.