Гимнаст Дмитрий Патанин Венгриядағы Сhallenge cup кезеңінде алтын алды
Қазақстандық гимнаст Дмитрий Патанин Сомбатхейде (Венгрия) өткен Challenge Cup кезеңінің жеңімпазы атанды.
Қазақстан құрамасының өкілі еркін жаттығуларда үздік нәтиже көрсетті. Финалда Патанин 13.900 ұпай жинады.
Екінші орынды Болгария спортшысы Кевин Пенев (13.600) иеленсе, үшінші орынға Артем Долгопят (Израиль) (13.200) тұрақтады.