Күрестен әлем чемпионаты: Асыл Айтақын қолаға таласады
Астанада күрес түрлерінен әлем чемпионаты жалғасып жатыр. Бүгін әйелдер күресінен Алтын Шағаева қола жүлде үшін моңғол палуанымен белдесіп, қарсыласына есе жіберді, деп хабарлайды «24KZ».
Ал еркін күресте жерлестеріміздің арасынан тек 61 келіге дейінгі салмақта Асыл Айтақын жүлдеге таласады. Жартылай финалда жерлесіміз Иран балуаны Ахмад Мұхаммеднежадтан жеңіліп қалды. Ертең Асыл Айтақын қола медаль үшін белдеседі. 86 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Болат Сақаевта жұбаныш белдесуіне қатысуға мүмкіндік алды. Ол 1/8-ші финалда АҚШ өкілі, әлемнің төрт дүркін чемпионы әрі Олимпиада ойындарының екі дүркін қола жүлдегері Кайл Дейкке есе жіберді.