Испандық БАҚ: «Қайрат» құрметке лайық

Испанияның бұқаралық ақпарат құралдары ойыннан кейін «Қайрат» футболшылары құрметке лайық» деп жазды. Жергілікті журналистер Алматы командасының табандылығы мен жанкүйерлердің қызу қолдауын матчтың ең әсерлі сәттерінің бірі ретінде сипаттады, деп хабарлайды 24kz.

Ойын күні «Қайрат» - «Реал Мадрид» тіркесі Google Trends жүйесінде Қазақстан бойынша ғана емес, Испания мен Орталық Азияда да ең көп сұрау салынған сөздер қатарына енді. UEFA-ның ресми парақшасы жариялаған жазбалар бірнеше сағатта жүздеген мың қаралым жинады. Ойыннан кейін Испанияның жетекші бұқаралық ақпарат құралдары «Қайратты» кұрметке лайық деп бағалап, жанкүйерлердің ыстық қолдауына тәнті болғанын жарыса жазып жатыр.

Дани Ромеро, журналист:

- «Қайраттың» ойыншылары әлемдік деңгейдегі клубка қарсы лайықты ойын көрсетті. Бұл жас жігіттер үшін үлкен тәжірибе деп ойлаймын.