Елена Рыбакина әлемдік рейтингте үздік алтылыққа енді

Қазақстандық тенисші Елена Рыбакина әлемдік рейтингте үздік алтылыққа енді.

Токио WTA 500 турнирінің жартылай финалына дейін жеткен қазақстандық теннисші Әйелдер теннисі қауымдастығының (WTA) жаңартылған рейтингінде бір сатыға жоғарылап, 7-орыннан 6-орынға көтерілді. Алда ол 1–8 қараша аралығында Эр-Рияд қаласында өтетін маусымның қорытынды турнирінде бақ сынайды.

Қазақстандық таеквондошы Айдана Құмартаева әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды. Отандасымыз Қытайдың Уси қаласында өтіп жатқан байрақты бәсекеде 46 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынады. Чемпионатқа барлығы 179 елден 991 спортшы қатысуда. Дүбірлі дода 30 қазанға дейін жалғасады.