Түркістанда қазақ күресінен Азия чемпионаты басталды
Түркістанда қазақ күресінен Азия чемпионаты басталды. Құрлық біріншілігіне 11 елден 100-ден аса балуан жиналды. Ерлер мен әйелдер арасындағы бозкілем бәсекесінде балуандар 16 салмақта сынға түседі. Жарыстың алғашқы күні сегіз салмақтың жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды.