Қазақстандық оқушылар Панамада төртінші рет әлем чемпионы атанды
Қазақстандық оқушылар Панамада өткен робототехника чемпионатында төрт дүркін әлем чемпионы атанды. Оқу-ағарту министрлігі осындай ақжолтай хабармен бөлісті.
Ұлттық құрама FIRST Global Challenge Бүкіләлемдік Олимпиадасында қатарынан төртінші жыл тарихи жетістікке қол жеткізді. Додада әлемнің 190 елінен барған оқушылар бақ сынасты. Қазақстандық жасөспірімдер роботтардың біліктілік ойындары, үздік инженерлік әзірлемелер, сондай-ақ командалық жұмыс, көшбасшылық жетістіктері үшін ең жоғары марапаттарға ие болды. Олимпиадаға ел құрамасын Назарбаев зияткерлік мектептері Алматы-Медеу мектебінің 9-10 сынып оқушылары мен ұстаздары бастап барды.