Санжар Ерұланұлы – дзюдодан әлем чемпионы

Санжар Ерұланұлы жасөспірімдер арасында дзюдодан әлем чемпионы атанды. Жерлесіміз Өзбекстанда өтіп жатқан жарыста топ жарды, деп хабарлайды 24KZ.

100 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен отандасымыз финалда жапониялық Шокей Хираноны жеңіп, алтын медаль алды. Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынына әлем чемпионатының екінші жүлдесі түсті. Бұған дейін Асқар Біржaнов қола медаль жеңіп алған еді.

Сондай-ақ оқыңыз: