Қазақстандық қыздар әлем чемпионатында жүлдеге ілікті
Қазақстандық қыздар әлем чемпионатында жүлдеге ілікті.
Дәл қазір Мысыр астанасы Каир қаласында нысана көздеуден дүниежүзілік дода өтіп жатыр. Чемпионаттың кезекті күнінде әйелдер арасындағы командалық жарыстар өтті. Винтовкамен 50 метрдегі нысананы ату бойынша жарыста ұлттық құрама өкілдері қола жүдегер атанды. Ел намысын Александра Ле, Елизавета Безрукова және Арина Малиновская үштігі қорғады. Олар қоржынымызға алғашқы медальды салды және алдағы күндері оның қатары артуы мүмкін. Өйткені жарыс 18 қарашаға дейін жалғасады. Әлем чемпионатында білікті бапкер Ольга Довгун жетекшілік ететін 15 спортшымыз өнер көрсетіп жатыр. Ал қатысушылардың жалпы саны 700-ге жуықтайды.