Боччадан Қазақстан кубогы басталды

Астанада паралимпиадалық боччадан Қазақстан Кубогы үшін жарыс басталды.

Ол үшін «Аспан» спорт кешенінде 8 корт жасақталды. Еліміздің 15 өңірінен келген параспортшыларға Сенат Төрағасы, Қазақстан бочча федерациясының президенті Мәулен Әшімбаев қолдау білдірді. Енді 120 параспортшы өзара мықтыны анықтайды. Айта кетейік, жарыс 14 қарашаға дейін жалғасады. Онда 11-14 жас аралығындағы жасөспірімдер мен 15 жастан асқандар жеке, жұптық және командалық сайыстарда бақ сынайды.