Қазақстандық таеквондошылар әлем чемпионатында үздік үштіктен көрінді

Қазақстан таеквондодан әлем чемпионатында жалпы есепте үздік үштіктен көрінді. Қоржында 2 алтын, бір қола.

Жарыста түркиялық спортшылар топ жарса, Иран екінші орынға табан тіреді. Чемпионаттың алғашқы күні Бейбарыс Қабылан қоржынға алғашқы алтынды салса, артынша Темірлан Тілеулес қолаға қол созды. Соңғы күні ұлттық құрама капитаны Батырғали Төлеуғали 87 келі салмақта әлем чемпионы атанды. Ол алғашқы іріктеу кезеңдерінде Грекия, Аустралия, ресейлік спортшыларды ұтса, финалдық жекпе-жекте Иран өкілінен айласын асырды.

Батыржан Төлеуғали, әлем чемпионы:

- Барлық жекпе-жек маған оңай болды деп айта алмаймын. Өйткені 87 келі мен үшін жаңа салмақ. Кішкене ауырлау болды. Ең қиын бой финалда болды. Өйткені Иран спортшысы өте тартысты жекпе-жек өткізді. Артық қимыл жасамады. Сол үшін финалдағы бой өте ауыр болды.

Давлан Разиев, Таеквондодан Қазақстан U21 құрамасының аға жаттықтырушысы:

- Өте керемет өтті. Балдар ерлер жарады. 2 алтын, 1 қоламен қайттық. Балдар бәрі жақсы шығып, жақсы әсер қалдырды. Керемет өнер көрсетті. Өзім 3-4 медальға жоспарлаған едім. Комплект аламыз деп ойлаған едік. Комплект емес 2 алтын, 1 қола одан жақсы болды. Біз ойлағаннан да жақсы болды. 

Ертең «Қайрат» пен «Олимпиакос» ойнайды

Ертең футболдан чемпиондар лигасы аясында «Қайрат» «Олимпиакоспен» ойнайды. Матч Астана-арена стадионында өтеді. Қонақтардың жалпы трансферлік құны 120 млн еуроны құраса, алматылық ұжымның бюджеті 16 млн еуро. Дәл қазір 5 турдың қорытындысы бойынша «Қайрат» 1 ұпаймен 35-ші орында. «Олимпиакос» 2 ұпаймен 33-ші сатыға жайғасқан. Әзірге «Арсенал», «ПСЖ», «Бавария» сынды алпауыт клубтар көш бастап тұр. Еске сала кетейік, матч ертең 8 жарымда басталады. 

1. Арсенал - 15

2. ПСЖ - 12

3. Бавария - 12

33. Олимпиакос - 2 

35. Қайрат - 1           

Шығыс Сенғажин, спорт журналисі:

- «Олимпиакостың» чемпиондар лигасындағы соңғы ойынын көрсеңіздер «Реал Мадридке» ғана есе жіберді. Қалған 8 ойынның 7-уінде әдемі ойын көрсетті. 1 тең ойын 6 жеңіс. Өткенде көрдіңіздер шабуылы қандай керемет. Қорғанысына мүлде сөз жоқ. Біз Темірланды мақтап жатырмыз. Ол жақта да мықты қақпашылар бар. 3 қақпашысы да ұлттық құрамада мықты ойын көрсетіп жүр деген сияқты маңызды факторлар бар. Жалпы «Олимпиакос» осы күнге дейін кездескен қарсыластарға қарағанда мықты.

Асқар Хамиден, сарапшы:

- «Олимпиакосқа» қарсы кездесу «Қайрат» үшін тағы бір сынақ болады. Оның үстіне Дастан Сәтбаев кездесуге қатыспайды командағы көшбасшы ойыншылардың бірі. Сондықтан осы тұрғыдан алағанда өте күрделі матч болатыны сөзсіз. 9 жыл бұрын «Астана» «Олимпиакоспен» Еуропа лигасының топтық кезеңінде ойнаған. Ол кезде Астана-аренада 2-2 есебі тіркелген.