Олимпиадалық эстафета жалғасуда
Олимпиада алауы Sestriere шаңғы курортына жетті. Эстафета 6 желтоқсаннан басталып, елдің мәдени және тарихи маңызды қалаларын аралауда.
Арасында ЮНЕСКО әлемдік мұра нысандары да бар. Келесі нүкте – Турин қаласы. Ол жерде спортшылардың қатысуымен салтанатты шаралар өтеді, кейін алау жолын жалғастырып, Италия бойынша тағы ондаған қаланы аралайды. Олимпиада ойындарының ресми ашылуы – Миландағы «Сан-Сиро» стадионында болмақ. Әлемдік додаға 93 елден 3,5 мыңнан астам спортшы қатысады.