Олимпиадаға Алматы қаласы мен Ақмола облысынан ең көп спортшы барады
Елде қысқы спорт түрлері негізінен солтүстік және шығыс өңірлерде жақсы дамыған.
Мәселен, Италиядағы қысқы Олимпиадаға ең көп спортшыны Алматы қаласы мен Ақмола облысы ұсынып отыр. Оңтүстік астанадан Миланға 4 спорт түрінен 6 спортшы аттанады. Ал Ақмоладан 2 спорт түрінен 6 спортшы барады. Кейінгі орындарға Шығыс Қазақстан, Алматы облыстары, сондай-ақ Астана және Шымкент қалалары жайғасқан. Шығыс Қазақстан облысы мен Шымкент қаласынан 1 спорт түрінен 4 спортшыдан қатысса, Астана қаласынан 3 спорт түрінен 4 спортшы, Алматы облысынан 4 спортшы 2 спорт түрінен өнер көрсетеді. Сондай-ақ Павлодардан 3, Қостанайдан 2, Солтүстік Қазақстан облысы, Қарағанды және Абай облыстарынан бір-бір спортшы ел намысын қорғайды.
АЛМАТЫ – 6 СПОРТШЫ
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ – 6 СПОРТШЫ
ШҚО – 4 СПОРТШЫ
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ – 4 СПОРТШЫ
АСТАНА – 4 СПОРТШЫ
ШЫМКЕНТ – 4 СПОРТШЫ
ПАВЛОДАР – 3 СПОРТШЫ
ҚОСТАНАЙ – 2 СПОРТШЫ
СҚО – 1 СПОРТШЫ
ҚАРАҒАНДЫ – 1 СПОРТШЫ
АБАЙ ОБЛЫСЫ – 1 СПОРТШЫ