Жібек Құламбаева Түркиядағы теннис турнирінің жартылай финалына өтті
Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Түркияның Самсун қаласында өтіп жатқан WTA 125 санатындағы турнирдің жартылай финалына жолдама алды.
Отандасымыз жұптық сында хорватиялық Луция Чирич-Багаричпен бірге өнер көрсетіп жатыр. Төртінші номермен тіркелген қазақстандық-хорватиялық жұп ширек финалда швейцариялық Наима Карамоко мен германиялық Нома Ноа Акугуэні жеңді.
Кездесу екі сетке созылып, 6:3, 6:4 есебімен аяқталды. Жеңіс Жібек Құламбаева мен Луция Чирич-Багаричке бұйырды.
Енді олар финалға өту үшін бірінші номермен тіркелген ресейлік Елена Приданкина мен Анастасия Тихоноваға қарсы ойнайды. Жартылай финалдық кездесу 10 қазанда өтеді.
Olympic.kz