Елена Рыбакина Австралия ашық біріншілігінің чемпионы атанды

Елена Рыбакина тұңғыш рет Австралия ашық біріншілігінің чемпионы атанды. Қазақстан теннисшісі финалда әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенкодан басым түсті. 

Қорытынды есеп: 6:4, 4:6, 6:4. Жерлесіміз үш жыл бұрынғы есесін қайтарды. 2023 жылы жасыл құрлықтағы дәл осы сайыстың финалында Беларусь қызының мерейі үстем болған еді. Рыбакина осы жетістігінен кейін әлемдік рейтингте үшінші орынға көтеріліп, қомақты қаржыға ие болды. Елена осы турнирде 2 млн 793 мың АҚШ долларын құрайтын қаржы тапты. Жалпы бұл жерлесіміздің «Үлкен дулыға» – жарыстарындағы екінші жүлдесі. Рыбакина 2022 жылы Уимблдонда топ жарғанын айта кетейік.