Тас жолдағы велоспорттан Азия чемпионатына қатысатын қазақстандықтар анықталды

Фото: olympic.kz

Бүгін Сауд Арабиясының Әл-Қассим қаласында тас жолдағы велоспорттан Азия чемпионаты басталады, деп хабарлайды 24KZ olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Жарысқа Қазақстан құрамасы қатысады. Бапкерлер штабы ұлттық құраманың тізімін жариялады. 

Әйелдер (элита және U-23):

Рината Сұлтанова, Фаина Потапова, Ақпейіл Өсім, Мария Елькина, Ангелина Буренкова, Елизавета Склярова, Виолетта Казакова.

Ерлер (элита және U-23):

Даниил Марухин, Вадим Пронский, Антон Кузьмин, Евгений Федоров, Николас Винокуров, Диас Рысбай, Мансұр Бейсембай, Михаил Подлужный, Владислав Башлыков.

Айта кетейік, Азия чемпионаты 12 ақпанға дейін жалғасады.