Әділетті қоғам қалыптастыру негізі

Елдің спорт қоғамдастығы өкілдері де Ата заңның жаңа жобасын талқылады. Жиынға Ұлттық спорт федерациялары мен Ұлттық Олимпиада комитетінің өкілдері қатысты.

Олардың айтуына қарағанда, тәртіп пен тұрақтылықты тұмар еткен спортшылар үшін, жаңа құжат азаматтық жауапкершілікті қалыптастыруға сеп болмақ. Сондай-ақ ұсынылып отырған Конституциялық реформа заң үстемдігіне және ашық мемлекет құруға бағытталған.

Келбет Нұрғазина, ҚР Жеңіл атлетика федерациясының бас хатшысы:

- Ең басты талап спорттағы бұл – ережені қатаң ұстану және тәртіпке бағыну. Себебі ережесіз спортта биік жетістіктерге жету мүмкін емес. Сол сияқты Конституция да біздің еліміздің ең басты ережесі деп түсінемін.