Биатлоншыларымыз мәреге жете алмады

Миландағы қысқы Олимпиада ойындарында биатлоннан алғашқы жүлделер жиынтығы сарапқа салынды.

Аралас командалық эстафетада Қазақстан соңғы кезеңде көшбасшы командадан бір айналымға қалып кетіп, мәреге жете алмады. Жарыс жолына Владислав Киреев, Әсет Дүйсенов және Милана Генева мен Айша Рақышева шыққан еді. Бұл сында Франция топ жарды. Италия құрамасы күміс Германия биатлоншылары қола жүлдегер атанды.