Алматы облысында спортшылар шеруі өтті
Алматы облысының Талғар қаласында мектеп оқушылары арасында спортшылар шеруі өтті.
Шараға облыстық, республикалық деңгейде жетістікке жеткен белсенді жас спортшылар, олардың жаттықтырушылары мен педагогтары қатысты. Олар өз жетістіктерін тілге тиек етіп, табысқа жету жолындағы тәжірибесін айтты. Ал үздік спортшылар салтанатты түрде арнайы алғыс хатпен марапатталды. Спорт сарапшылары мен жергілікті тұрғындардың айтуына қарағанда, Талғар қаласының жастары спортты ерекше жақсы көреді және кәсіби деңгейде айналысады. Әсіресе қысқы спорт түрлерінде жоғары нәтижелер көрсетіп келеді. Мұның айқын дәлелі, Италияда өтіп жатқан қысқы Олимпиада ойындарында Қазақстан атынан өнер көрсетіп жүрген төрт спортшы Талғардағы спорт мектебінің түлегі. Шараның мақсаты - ел намысын қорғап жүрген спортшыларды қолдау және жастар арасында спортты насихаттау, - дейді ұйымдастырушылар.
Қаникамал Дүйсенова, Биатлон және шаңғы спортынан Алматы облыстық құрамасының аға жаттықтырушысы:
- Талғар ауданы – Алматы облысының ең жақсы дамып келе жатқан ауданы деп ойлаймын. Өйткені қазір Талғар ауданында бізде қысқы спорт мектебі бар. Осы спорт мектебінде тоғыз бөлімше жұмыс істейді. Спорт мамандары білікті, жоғары деңгейдегі мамандар, бапкерлер. Енді қысқы Олимпиадаға, 25-ші қысқы Олимпиадаға біздің Талғар ауданынан төрт спортшы, биатлоннан үш спортшы құрама командасына Олимпиадаға қатысты болуын үлкен дәреже деп санаймыз.