Елордада конкурдан Әлем кубогі басталды

Қазақстан тарихында алғаш рет ұйымдастырылып отырған беделді додада Швецияның Стокгольм қаласында өтетін үлкен финалдың үш жолдамасы сарапқа салынады. Байрақты бәсекеге бізден бөлек Өзбекстан, Қырғызстан, Беларусь, Иран, Әзербайжан, Армения мен Грузия, Молдова, Ресей және Түрікменстан елінен келген спортшылар қатысып жатыр. 

Елордада шабандоздың ептілігі, арғымақтың тектілігі сынға түсетін әрі Олимпиадалық ойын конкурдан жарыс басталды. Әлем кубогының финалдық кезеңіне көршілес Қырғызстан мен Өзбекстаннан, Ресейден және Грузиядан спортшылар келген. Қатысушылар биіктігі 100 бен 130 см аралығындағы кедергілерден секіріп, өзара мықтыларды анықтап жатыр.

Бекжан Байжанұлы, конкурдан Ұлттық Құрама мүшесі:

- Бүгін сәл ойдағыдай болмады. Енді келесі күндері көреміз. Бәрі жақсы болады деген ойдамын. Бір қателік істеп қойдым. Енді өз қателігім болды. Қарсыластардың деңгейі өте жақсы. Дайындалып келген. Енді өзіміз тағы 2-3 күн секіреміз.         

Конкуршылар ең бастысы белгіленге қашықтықты барынша аз уақытта жүріп, кедергілерден мүдірмей секіріп өту керек. Қандай да бір қателік спортшының жалпы есептегі ұпайына тікелей әсер етеді

Нұрила Тұрысбекова, конкурдан Ұлттық Құрама мүшесі

- Бүгінгі жарыс біз үшін өте сәтті өтті. Алаңға жас атпен шықтым. Осымен екінші рет шығып отырмыз.125 см-лік биіктіктен таза өттік. Медальға соңына дейін таласамыз. Мүкіндік бар.     

Әлем кубогының финалдық кезеңі 22 қарашаға дейін жалғасады. Ал жарыстың ашылуы бүгін сағат 3-ке жоспарланған.

Авторлары: Мерей Қанапия, Мейрам Жүнісов   

Сондай-ақ оқыңыз: