Шайдоровтың жеңісті жолын кім жалғайды? | 24KZ
Төрткүл дүние көз тіккен, төрт жылда бір болатын Ақ Олимпиада ойындарының бүгін оныншы күні. Қоржынымызда әзірге бір алтын. Оны мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров жеңіп алған болатын. Ал бүгін жарыс жолына 6 спортшымыз шығады. Олар спорттың 3 түрінен жүлдеге қол созып көреді. Әуелі Ростислав Хохлов тау шаңғысының слалом түрінен сынға түседі. Одан кейін Денис Никиша, Абзал Әжіғалиев, Ольга Тихонова байрақты бәсекеде ел намысын қорғайды. Жарыс күнін шаңғышыларымыз түйіндейді. Илья Мизерных пен Данил Васильев командалық сайыста тұғырдан секіреді.