Н. Насанов: Жастармен жүйелі жұмыс істеу керек

Әлем үздіктері Астанаға жиналады. Мұнда алғаш рет семсерлесуден Әлем кубогы өтеді. Оған 96 елден 600-ден аса спортшы қатысады деп күтіліп отыр. 

Жарыстың өзі 26 және 29 наурыз аралығына жоспарланған. 

Негізгі құрамға қосыла алатын жастар бар. Енді олармен жүйелі жұмыс істеу керек. Болгариядағы бокс бәсекесін қорытындылаған ұлттық құраманың бас бапкері Нұржан Насанов осындай пікір білдірді. Ол olympic.kz сайтына сұхбат беріп, халықаралық турнирдің тәжірибе жинауға және шеберлік шыңдауға аса маңызды екенін атап өтті. Бұған қоса, кемшін тұстардың да барын байқаған. Мәселен, 60 және 65 келіде бес бірдей боксшыны жарысқа қосты.Алайда бірде-біреуі жүлдеге ілікпеді. Басқа салмақтарда да өзіндік мәселелер кездеседі. Енді осының бәрін негізге алып, бапкерлер штабымен және федерациямен нақты шешім қабылдамақ. «Ең бастысы – барлық жігітке өз-өздерін дәлелдеуге мүмкеіндік бердім», - дейді Нұржан Насанов. 

Нұржан Насанов, Ұлттық құраманың бас бапкері:

- Мен барлық спортшыға өздерін сынап көруге мүмкіндік бердім. Команданың әлеуетін саралап алдық. Енді соған сәйкес нақты бағытта жұмысты жалғастырамыз. Айта кету керек, негізгі құрамға қосыла алатын жас спортшылар бар. Олармен әлі де жүйелі түрде жұмыс жүргізу керек. Сондай-ақ бұл жарыс боксшыларымыз үшін тәжірибе болды. Олар Әлем чемпионаты және Олимпиада ойындарында жолығуы мүмкін басты қарсыластарын байқап көрді.

«Алтын мерген» халықаралық турнирі   

Алты елдің сұрмергендері Шымкентке жиналды. Еліміздің оңтүстігінде спорттық ату түрлері бойынша халықаралық турнир өтіп жатыр. «Алтын мерген» деп аталатын байрақты бәсекеге Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстаннан қатысушылар келді. Бұған қоса, ұлттық құраманың үздіктері бар. Бас-аяғы 200-ге жуық спортшы жабық кешенде тапаншамен және винтовкамен нысана көздеу бойынша сынға түсуде. Жарыс ересектер және жастар арасында параллель ұйымдастырылып жатыр. Халықаралық турнир бір аптаға созылады және осы аралықта 23 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Осындай форматтағы бәсекелер спортшыларымыздың шеберлігін шыңдап, тәжірибе жинауына көмектеседі дейді мамандар. Жарыстың жалпы қорытынрдысын бірер күннен кейін дәл осылай 24кз арнасының эфирінде айтамыз. 

Қазақ қызы әлемдік рейтингте көтерілді 

Бибісара алдыңғы ондыққа кірді. Халықаралық шахмат федерациясы әлемдік рейтингті жаңартты және оған сәйкес, қазақстандық Бибісара Асаубаева алдыңғы ондықтан табылды. Нақтырақ айтқанда, ол тоғызыншы орынға көтерілді. Айта кетейік, Биісара жақында ғана Нидерландыда өткен турнирде сәтті өнер көрсетті. Ол 13 партияның төртеуінде жеңіске жетіп, жетеуін тең нәтижемен аяқтады. Екі рет жеңілді. Осының арқасында қосымша 19 ұпай иеленіп, әлемдік рейтингтегі жағдайын жақсартып отыр. Халықаралық шахмат федерациясының әйелдер арасындағы рейтингінде бес бірдей қытай қызы көш бастап тұр. Бірінші орынға бұрынғы Әлем чемпионы Хоу Ифань жайғасты. 

Илья Мизерных рекорд тіркеді 

Милан олимпиадасында тарихи нәтиже тіркеп, көпшілікті тәнті қылған Илья Мизерных Әлем кубогында да жақсы көрсеткішке қол жеткізді. Шаңғымен тұғырдан секіру шебері қысқы ойындар аяқталғаннан кейін бірден Австрияның Кульм қаласына аттанып, жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогына қатысты. Ол өз мүмкіндігінде 219 метрге секірді. Сәйкесінше, Қазақстан рекордын жаңартты. Ал жарыс қорытындысы бойынша 188.7 ұпай жинап, жалпы есепте 14-ші орынға тұрақтады. Әлем кубогына бас-аяғы 54 спортшы қатысқан болатын. 19 жастағы Илья Мизерныхтан мамандар алдағы уқаытта үлкен үміт күтеді.