Паралимпиада алауы Кортина-д'Ампеццода
Қысқы Паралимпиада ойындарының алауы Кортина-д’Ампеццоға жетті.
Жарысты қабылдайтын шаһарда алауларды біріктіру рәсімі өтті. Бұған дейін эстафеташылар Турин, Милан, Больцано, Тренто және Триест қалаларымен жүріп өткен еді. Іс-шара 6 наурыз күні Верона қаласында мәресіне жетеді.