Бокстан Б. Саттархановты еске алу турнирі басталды

Түркістанда Сидней олимпиадасының жеңімпазы Бекзат Саттархановты еске алуға арналған 24-ші халықаралық турнир басталды. 

Жастар арасындағы бокс бәсекесіне Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Моңғолия, Тәжікстан, Әзербайжан және Қазақстанның барлық аймағынан 250 былғары қолғап шеберлері қатысып жатыр. Биылғы дүбірлі додада ұлдар 10, қыздар 5 салмақ бойынша сынға түсіп, үздіктер анықталады. Бокс бәсекесінің жеңімпаздары 4 сәуір күні анықталады. 

Расул Халиф, жарысқа қатысушы:

- Бірінші қарсыласым Қырғызстан елінен болды. Қарсылас жақсы. Үшінші раундта қарсыласымды есеңгіреттім. Осы Бекзат Саттарханов турниріне жақсы дайындалып келдім. Болашақта Бекзат Саттарханов ағамыз сияқты Олимпиада чемпионы болғым келеді. 

Бақыт Сәрсекбаев, Бокстан жастар құрамасының аға бапкері:

- Турнир жақсы өтіп жатыр. Осы балаларды іріктеуге келдім. Қаншама жақсы балалар бар. Биыл бізде үлкен жарыстар көп. Азия чемпионаты шілде айында басталады. Ары қарай әлем чемпионаты бар қазан айында өтетін. Сонымен жастар арасындағы Олимпиада ойындары бар қараша айында өтетін. Барлығына үлкен рақмет айтамын!