Волейбол: әйелдер арасындағы ел біріншілігі
Астанада волейболдан ұлттық лига шеберлерінің әйелдер командалары арасында ел біріншілігі өз мәресіне жетті. Чемпиондық атақ үшін «Жетісу» мен петропавлдық «Қуаныш» ұжымдары таласты.
Екі матч нәтижесі бойынша талдықорғандық команда 6-3 нәтижесімен жеңіске жетіп, чемпион атанды. Қос қарсыластың дайындық деңгейі жоғары болып, тартысты ойын өрнегін көрсетті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай кездесулер елдегі әйелдер волейболының дамуына ықпал етеді. Жастар арасында спорттың осы түріне деген қызығушылығын арттырады.
Арман Кабесов, Қазақстан волейбол федерациясының бірінші вице-президенті:
- Осындай ойындардың маңыздылығы Қазақстан волейболын жоғары деңгейге көтеруге ықпал етеді. Неге десеңіздер, Қазақстан волейболы Азия құрлығының чемпионаттарында өнер көрсетеді. Болашақта осындай үлкен масштабтағы жарыстарды өткізу тек Қазақстан немесе Азия ғана емес, әлемдік деңгейдегі жарыстарды қабылдауға ықпал етеді.