Нысана көздеу: Қазақстан құрамасы Испаниядағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетті

depositphotos.com

Нысана көздеуден Гранада қаласындағы (Испания) Әлем кубогының кезеңі аяқталды, - деп хабарлайды 24 KZ, Olympic.kz сайтына сілтеме жасап. 

Қазақстан құрамасы сапындағы ең үздік нәтижені Никита Черюкин көрсетті. Ол 25 метрден пневматикалық тапаншамен жылдам атудан 5-орынға тұрақтады.
Одан бөлек, Әлем кубогының финалына Валерий Рахымжан және Никита Шахторин шықты.
Валерий Рахымжан 10 метрден тапаншамен атудан сегізінші орынға ие болды. Ал Никита Шахторин 50 метрден мылтықпен үш қалыпта ату сайысында сегізінші орынға тұрақтады.