А. Серікбаева таеквондодан Әлем чемпионы атанды

Қазақстандық таеквондошы Айым Серікбаева жастар арасында Әлем чемпионы атанды. Отандасымыз Ташкентте өтіп жатқан біріншілікте 44 келіде топ жарды. 

Айым финалда мексикалық спортшы Понсе Нуньес Дара Ширлиді 2:0 есебімен жеңді. Араға 20 жыл салып Серікбаева Қазақстанға жастар арасындағы Әлем чемпионатының алтын медалін сыйлады. Бұған дейін таеквондодан Қазақстан жастар құрамасы алтын медалді 2006 жылы  иеленген еді. Ташкенттегі чемпионатта тағы екі спортшымыз – Ерасыл Ерзат пен Ислам Медетбай қола жүлдегер атанды. Әлем біріншілігі 17 сәуірге дейін жалғасады.