ТМД Парламентаралық Ассамблеясының шахматтан ашық кубогі басталды

Алматыда ТМД Парламентаралық Ассамблеясының шахматтан ашық кубогі басталды. 

Турнирге достастастыққа мүше елдердің парламент депутаттары мен мемлекеттік қызметкерлері қатысып жатыр. Олардың барлығы әуесқой шахматшылар. Дегенмен, кейбір командалардың құрамында бұрын шахматпен кәсіби түрде айналысып, кейіннен саясатқа бет бұрған әлем чемпиондары бар. Жарыс швейцариялық жүйе бойынша өтеді. Тоғыз кезеңнен тұрады. Қатысушылар рапид форматында ғана ойнайды. Бұл шахматтың жылдам түрі. Мұндай турнирлер парламентаралық ынтымақтастықты нығайтып, ТМД елдері арасындағы байланысты дамытуға ықпал етеді дейді ұйымдастырушылар.

Мейіржан Отыншиев, қалалық Мәслихаттың төрағасы:

- Жалпы ТМД елдерінің депутаттарының барлығының санын қосқанда 3 мыңға жуық адам бар Осы 3 мыңға жуық адамдардан нағыз шахматтың жанкүйерлері шахматтың ойнаушы қатысушылары 60-қа жуық адам қатысып жатыр. Ол біз үшін тек жарыс ғана емес. Бұл біздің елдердің арасындағы достастық деп қабылдаймыз.

Олег Цепкин, Ресей Федерациясының сенаторы:

- Саясаткерлердің арасында осындай жарыстың өтуі маңызды. Біз, парламентарийлер, ең алдымен саясаткерміз. Дәл осы спорт түрі арқылы шахмат тақтасындағы комбинациялардан туындайтын ең үздік шешімдердің қандай болатынын көрсетеміз. Әрине бұл идеяларды жұмысымызда жүзеге асырамыз. Мұндай шаралар достық қарым-қатынасты нығайта түседі.