Қазақстандық қыздар бокстан Азия чемпионы атанды
Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы 17 жасқа дейінгілер арасындағы Азия чемпионатында финалдық сында төрт жеңіске жетті, деп хабарлайды «24KZ».
Қазақстан бокс федерациясы Өзбекстанмен болған жалғыз жекпе-жек қазақстандық спортшының пайдасына шешілгенін айтты.
Ташкентте (Өзбекстан) 15 және 17 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы бокстан Азия чемпионаты мәресіне жақындап қалды.
50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Хатшепсут Сәдуақасова төрешілердің шешімімен ринг иесі Парвина Шакарованы жеңіп, Азия чемпионы атанды.
66 келіге дейінгі салмақта Аяулым Оспанова Қытайдан келген қарсыласын тізе бүктірсе, 75 келіге дейінгі санатта Диана Надырбек Үндістан өкілінен басым түсті.
Сондай-ақ 80 келіге дейінгі салмақта үндістандық боксшы тағы бір қазақстандық Жансая Ержанға жол берді.
Нәтижесінде 17 жасқа дейінгі Қазақстан әйелдер құрамасы 4 алтын және 1 күміс медаль иеленді.
Еске сала кетейік, бүгін 17 жасқа дейінгі бокстан Азия чемпионатында ерлер арасындағы финалдар да өтеді. Қазақстандықтар алты салмақ дәрежесінде шешуші жекпе-жектерге жолдама алды.