Қол күресінен Қазақстан чемпионаты өтті
Жетісу облысында қол күрестен әлем чемпионатының жолдамасы сарапқа салынды.
Талдықорғандағы ел біріншілігіне әр өңірден келген 200-ден аса спортшы қатысты. Білектілер 20 салмақ дәрежесі бойынша үздіктерді анықтады. Ерлер және әйелдер арасында өткен тартысты бәсекеде Түркістан, Жетісу, Алматы, Шығыс Қазақстан және Жамбыл облысының спортшылары жеңіс тұғырынан көрінді. Енді олар әлем чемпионатына қатысып, ел намысын қорғайды. Дүниежүзілік дода тамыз айында Үндістанда өтеді.
Талғат Ақтаев, ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері:
- Қол күреспен айналысып жүргеніме 15 жылдай уақыт болды. Шардарадан 60-қа жуық спортшы келдік. Шардара қаласында 130-ға жақын әлем чемпиондары бар. Біз де солардың біріміз. Мақсатым – өзім сияқты шәкірттер дайындап шығару.
Алмас Мұхаметқалиев, Жетісу облысы құрама командасының аға жаттықтырушысы:
- Қазақстан құрама командасы 4 жыл қатарынан әлем чемпионатында жалпы командалық есепте 1 орынды бермей келе жатыр. Сол үшін Қазақстан чемпионаты біз үшін өте ауыр. Бұл жақта финалис болған спортшылар әлем чемпионатына барға кезде өте жақсы нәтиже көрсетеді.