Алмат Жұманов титулдық жекпе-жекке шығады

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Алмат Жұманов ертең Эквадорда титулдық жекпе-жекке шығады. 

«Қазақ титаны» лақап атымен танымал отандасымыз жергілікті спортшы Фелипе Лареспен жұдырықтасады. Жеңімпаз WBC Latino Silver чемпиондық белбеуін иеленеді. Айта кетейік, Алмат Жұманов – бүгінде Латын Америкасы елдерінде Қазақстан намысын қорғап жүрген жалғыз боксшы. Кәсіби мансабында 9 жекпе-жек өткізіп, соның сегізінде жеңіске жеткен.  

Алмат Жұманов, кәсіпқой боксшы:

- Қарсыласым венесуэлалық Фелипе Лорес – өте тәжірибелі боксшы. 19 рет шығып, 12-сінде нокаутпен жеңіске жеткен. Жаттықтырушым Иса Ақбербаевтің қойып берген жоспарымен, техникасымен жұмыс істейтін боламыз. Белбеуді бұйырса, Қазақстанға алып келемін. Адаптация өте қиын. Бұл жаққа екі апта бұрын келдік. Өйткені таулы аймақ болған соң ауа райы өте қиын, оттегі аз. Құрметті, қазақ елі! Мұхиттың арғы жағынан сіздердің қолдауларыңызды әлеуметтік желілерде көріп отырмын. Қазақ спорты, қазақ боксы жасасын.