Заңғар Нұрланұлы «Ролан Гаррос» турнирінде жеңіске жетті

Заңғар «Ролан Гаррос» турнирінде жеңіске жетті. Дәл қазір Кәрі Құрлықта теннистен жылдың басты бәсекелерінің бірі Франция ашық чемпионаты өтіп жатыр. 

Жасөспірімдер арасындағы жарысқа қазақстандық Заңғар Нұрланұлы қатысып жатыр. Ол алғашқы айналымда ұлыбританиялық Марк Чебанмен кездесіп, айқын басымдықпен ұтты. Қортынды есеп: 6:3, 6:4. Матчтың өзі 1 сағат 37 минутқа созылды. Енді 17 жастағы қазақ баласы келесі кезеңде жапониялық Мотохару Абе және америкалық Агасси Рашер жұбының жеңімпазымен жолығады. Франциядағы байрақты бәсеке 6-маусымға дейін жалғамады. Айта кетейік, Заңғар қазақстстандық ткннисшілер арсынан алғаш болып, Америка және Аустралия ашық чемпионаттарының жарытлай финалына дейін жетті. Дәл осы жарыста да мамандар одан жақсы нәтиже күтеді.

Бибісара үздіктер қатарында

Дәл қазір Норвегияда әйелдер арасындағы шамахттан супертурнир өтіп жатыр. Яғни әлем ең үздіктерні өзара мқытыны анықтауға кірісті. Алғашқы айнадым қорытытындысы бойынша қазақстандық Бибісара Асаубаева екінші орынға тұрақтады. 

Жалпы есепте бірінші орындамыз

Бақыт Сәрсекбаевтің 15 шәкірті жүлдеге ілікті. Венгрияда бокстан жастар мен жасөспірімдер арасындағы халықаралық турнир өтті. Оған 24 елдің өкілдері жиналды. Арасында Бақыт Сәрсекбаев бастаған ұлттық құрама өкілдері де бар. Аталмыш жарысқа бас-аяғы 18 боксшымыз аттанған. Оның 15-і жеңіс тұғырына көтерілді. Әсіресе, Әділ Асқанбай, Бексұлтан Қожамжар, Ақжүрек Қалабай, Тимур Тайбеков, Руслан Ахметов және Жалғас Өтебековтер өз салмақ дәрежелерінде барлық қарсыласын ұтып, жарыс жеңімпазы атанды. Жалпы алғанда ұлттық құрама қоржыныда 6 алтын, 6 күміс және 3 қола жүлде бар. Осының арақсында командалық есепте Қазақстан құрамасы сенімді түрде бірінші орынға жайғасты. Ал, аға жаттықтырушы Бақыт Сәрсекбаев жарыстың ең үздік бапкері атанды. Венгриядағы турнир Азия чемпионаты алында тәжірибе жинап, шеберлік шыңдап, жауынгерлік дайындықты пысықауға жақсы мүмкіндік дейді мамандар. Айта кетейік, жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты шілде айында Индонезия астанасы Джакарта қаласында болады. 

Т.Байсуфинов: Жастарға мүмкіндік береміз

Жастарға мүмкіндік береміз. Футболдан ұлттық құраманың бас бапкері Талғат Байсмуфинов осындай мәлімдеме жасады. Ол қазір ел намысын қорғайтын жігіттерді Шымкент қаласына жинап, жаттығу жиынын бастады. Айта кету керек, кеңейтілген тізімде Дастан Сәтпаев, Жасұлан Әмір және Мақсат Абыраев сияқты жас таланттар бар. Бұған қоса, әрине, тәжірибелі футболшыларды да шақырды. Олар енді бірер апта дайындықты пысқытап, Кәрі Құрылыққа аттанады. Осы айда Армения және Венгрия құрамаларымен жолдастық кезедсу күтіп тұр. Одан кейін күзде ресми мачтар басталады. Яғни Қазақстан құрамасы ұлттар лигасында бақ сынайды. Осы тұрғыда бас бапкер жас таланттарға және жаңа есімдерге көбірек басымдық берілетінін алға тартты.