Қазақ боксшылары әлем кубогіне аттанды

Бибісара кезекті рет жеңіске жетіп, сенімді түрде топ басына тұрақтады. Норвегияның Осло қаласында әйелдер арасындағы шахматтан супер турнир өтіп жатыр.

Яғни әлем үздіктері өзара мықтыны анықтауға кірісті. Жарыстың кезекті күні, яғни, сегізінші турда қазақстандық Бибісара Асаубаева ең басты қарсыласы үндістандық Дивья Дешмухты жеңді. Осылайша Бқазақ қызы 15,5 ұпай жинап, өзінен кейін тұрған спортшыдан 5 ұпайға ұзап кетті. Норвегиядағы жарыстың жалпы қорытындысы 6-маусымда белгілі болады. 

Заңғар нұрланұлы үшінші айналымға шықты

Заңғар «Ролан Гарроста» жеңіске жетті. Дәл қазір Кәрі Құрлықта теннистен жылдың басты бәсекелерінің бірі Франция ашық чемпионаты өтіп жатыр. Жасөспірімдер арасындағы жарысқа қазақстандық Заңғар Нұрланұлы қатысуда. Ол екінші айналымда америкалық Агасси Рашермен кездесіп, айқын басымдықпен ұтты. Қортынды есеп: 6:2, 6:1. Матчтың өзі 1 сағат 6 минутқа ғана созылды. Енді 17 жастағы қазақ баласы келесі кезеңде пуэрто-риколық Янник Альварес және бразилиялық Леонардо Франка жұбының жеңімпазымен жолығып, ширек финал жолдамасына таласады. Франциядағы байрақты бәсеке 6-маусымға дейін жалғасады. Айта кетейік, Заңғар қазақстандық теннисшілер арсынан алғаш болып, Америка және Аустралия ашық чемпионаттарының жартылай финалына дейін жетті. Дәл осы жарыста да мамандар одан жақсы нәтиже күтеді.

Қазақ боксшылары әлем кубогіне аттанды

Назым Қызайбай бастаған қазақ қыздары Қытайға аттанды. Ол жақта бокстан әлем кубогы өтеді. Байрақты бәсекенің алдында қазақ және қытай құрамалары бірлескен жаттығу жиынын жасамақ. Көрші елге кеткен команда қатарында Назым Қызайбай, Алуа Балқыбекова, Аида Әбікеева, Виктория Графеева, Элина Базарова, Лаура Есенгелді, Валерия Аксенова, Наталья Богданова және Дина Исламбековалар бар. Яғни, нөмірі бірінші бұрымды боксшыларымыз аттанды. Қытайтағы әлем кубогының өзі 15-21 маусым аралығында өтеді. Оған 54 елден 400-ге жуық спортшы қатысады. Олардың арасында қазақ қыз-жігіттері де бар. Қыздарды жоғарыда айттық. Олар жарыс өтетін жерге ертелер барып, жергілікті қыздармен дайындық жүргізеді. Ал, Қазақстанның ерлер құрамасы дәл қазір өзіміздің елде, яғни, Түркістан қаласында  бірлескен жаттығу жиынын жасап жатыр. Оған Өзбекстан, Қырғызстан, Әзірбайжан және Қазақстан жігіттері қатысуда.   

Көшпенділер ойындарына дайындық

Көкпаршылар кешенді дайындыққа кіріседі. Көшпенділер ойындары қарсаңында Қазақстан көкпар федерациясы ұлттық спорттарға жауапты орталықпен бірлесе отырып, арнайы жоспар құрды. Оған сәйкес, 4 бірдей жатығу жиыны жоспарланып отыр. Алғашқысы бірер аптадан кейін басталады. Нақтырақ айтқанда, 15-маусым мен 5-ші шілде аралығында Шымкент іргесіндегі «Алматау» базасында ұлттық құрама жігіттері жалпы физикалық дайындықты пысқытайды. Одан кейін шілде және тамыз айларында тағы да бас қосып, арнайы дайындыққа кіріседі. Аталмыш жаттығу жиындары 21 күнге созылады. Оған 24 көкпаршы қатысады. Ал, жарыс жақындағанда Нұрдәулет Момынов жетекшілік ететін жігіттер көрші қырғыз еліне барып,  тағы да бір апталық жаттығу жасамақ. Айта кетейік, дүниежүзілік көшпенділер ойындары 30-тамыз бен 6-қыркүек аралығында болады. Оның бағдарламасына қазақ пен қырғыздың ұлттық ойындары көкпар да, көкбөрі де қосылды.