Еркебұлан Тоқтар АҚШ-тың танымал бокс жобасына шақырту алуы мүмкін
Қазақстандық танымал спортшы Еркебұлан Тоқтар америкалық блогер әрі бокс промоутері Джейк Пол негізін қалаған Most Valuable Promotions (MVP) бокс лигасында бағын сынау мүмкіндігін қарастырып жатыр, деп хабарлайды «24KZ».
Еркебұлан Тоқтар америкалық блогер-боксшы Джейк Пол құрған Most Valuable Promotions лигасында өнер көрсетуі мүмкін. Қазір тараптар келіссөз жүргізіп жатыр.
Бұл жаңалықпен спортшы журналист Әмір Тәжібаевқа берген сұхбатын айтты. Спортшының айтуынша, бұл жоба арқылы халықаралық деңгейде шығуға мүмкіндік бар.
«Әзірге Джейк Полдың бокс лигасы. Zuffa Boxing-ке шыға алмаймын, ал MVP-де мүмкіндік бар. Қазір сол жақпен сөйлесіп жатыр», – деді Еркебұлан Тоқтар.
Айта кетейік, MVP - кәсіби бокс кештерін жоғары деңгейде ұйымдастырумен қатар,жас әрі танымал спортшыларға халықаралық деңгейде өзін көрсетуге мүмкіндік беретін жобалардың бірі саналады.
Ұйымының негізін қалаған танымал блогер әрі кәсіпқой боксшы Джейк Пол.